KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

2024 жылы Kaspi Gold-ты қалай қолдануға болады

Фото: Анель Абзалбекова

4.01.2024, 12:01 161 Оразай Жеңісұлы

Жаңа жылдағы өзгерістер Kaspi Gold-ты да айналып өткен жоқ. Заңгерлердің айтуынша банк тұтынушылары ескеруі тиіс ереже бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Егер сіздің атыңызда жеке кәсіпкерлік тіркелген болса, кәсіпкерліктен түскен қаражаттарды Kaspi Gold арқылы аудару заңбұзушылыққа жатады. Кез келген тауарды сатсаңыз немесе өзге де кәсіпкерлік қызметтерді орындасаңыз төлемді кәсіпкерлік шотқа, яғни, Kaspi Pay (қашықтан төлем, QR) арқылы алуыңыз керек.

Заңбұзушылық анықталған жағдайда тіркелген жалпы сома есепке алынып, айыппұл және 10 пайыз мөлшерінде салық төлеу міндеттеледі.

Егер сіздің атыңызда жеке кәсіпкерлік тіркелмеген болса, алаңдайтын түк те жоқ. Картаға бұрынғыдай ақша қабылдай бересіз.

Естеріңізге салсақ, 2019 жылы ҚР-дағы ең танымал банктердің бірі мобильді қосымша немесе QR-код арқылы пайдаланушыдан пайдаланушыға ақшаны жедел аударуға мүмкіндік беретін жаңа төлем жүйесін іске қосқан болатын. Қазақстандықтар жаңа жүйенің ыңғайлылығын бірден бағалап, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшті. Қазір кез-келген жерде мобильді аударым арқылы шот-фактураны төлеуге болады. Бірақ, жоғарыда айтқанымызда, жеке кәсіпкерлігіңіз болса ережелерді ескеру керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив