KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 4 м/с, В
481.68 522.48 5

Қазақстанда донорлық органдарды сақтауға арналған бірегей аппарат жасалды

Аппарат Alem / Фото ОФ "Центр сердца"

11.01.2024, 11:54 101

"Жүрек орталығы" қоғамдық қоры Alem деп аталатын донорлық органдарды сақтауға арналған бірегей аппарат ойлап табылғаны туралы хабарлады. Бұл құрылғының сериялық өндірісі биыл басталады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Informburo.kz сілтеме жасап. 

«Бұл донорлық органдарды ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін сақтау және емдеу жүйесі. Тиісінше, осы уақыт ішінде қажетті процедураларды немесе операцияларды жасауға болады. Мысалы, жүрек трансплантациясы немесе өкпе трансплантациясы. Сондай – ақ, осы уақыт ішінде органның трансплантацияға жарамдылығын параметрлер бойынша анықтауға болады», - деді University Medical Center басқарма төрағасы, кардиохирург Юрий Пя.


Қор бұл құрылғы донорлық органды 24 сағат ішінде трансплантациялауға жарамды күйде ұстауға мүмкіндік береді деп мәлімдейді. 

"Бұл өнертабыс хирургтарға жаңа мүмкіндіктер ашады – жүйенің тұжырымдамасы, мысалы, осы жүйеге қосылу және реплантация үшін ауруханаға ұзақ уақыт тасымалдау арқылы жарақаттанған аяқ–қолдарды құтқаруға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді қор өкілі.


Аппараттың сериялық өндірісін биыл бастау жоспарланып отыр.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив