KZ
Өскемен
-17°
туман жел 2 м/с, СШ
509.75 594.67 6.46

Өскемендегі көтерме-тарату орталығының құрылысы қашан аяқталады?

Фото: Inbusiness.kz

12.10.2023, 16:54 399 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласындағы көтерме-тарату орталығының құрылысы жақын арада аяқталады.

"Ертіс" ӘКК" АҚ мәліметінше, қазір құрылыс жұмыстарының соңғы сатысында тұр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Жібек маталар комбинаты ықшамауданында салынып жатқан көтерме-тарату орталығының құрылысы жақын арада аяқталады. Онда орталық ғимаратынын бөлек, 45 мың тонна көкөніс сиятын екі қойма болмақ. Оның бірі - көкөністерді ұзақ уақыт сақтауға арналған. Қоймалар толықтай дайын десек те болады, - деді  "Ертіс" ӘКК " АҚ Активтерді басқару департаментінің директоры Алмас Көленкенов.

Жалпы нысандағы жұмыстарды жылдың төртінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отырған көрінеді.

"Ертіс" ӘКК " АҚ бағаны тұрақтандыру департаментінің директоры Артем Демидовтың айтуынша, көтерме-тарату орталығы кәсіпкерлерге де үлкен көмек болмақ. Себебі қазір қалада өнімді ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік жоқ.

- Нысанда жеміс - көкөніс өнімдерін жаздың ортасына дейін сақтауға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтар болады, - деп атап өтті ол.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу