KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
477.45 527.1 5.24

Облыс тұрғындарына 319 млн.теңгенің 216 грантын беру жоспарланып отыр

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

11.01.2024, 14:56 102 ALTAINEWS

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде биыл облыс тұрғындарына 319 млн.теңге көлемінде 216 грант беру жоспарланып отыр.


 Өтінімдердің қабылдану уақыты міндетті түрде барлық әлеуметтік желілерде, сондай -ақ business.enbek.kz порталында жарияланатын болады, ө деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуды барлық ниет білдірушілер оқи алады, алайда грантқа тек төмендегі нысаналы топтың азаматтары ғана өтініш бере алады:
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар; 
- көп балалы обасыларға арналған жәрдемақы алушылар; 
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар; 
- еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар; 
- мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдар; 
- қоныс аударушылар, қандастар.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан алынған  ақпарат бойынша, гранттар skills.enbek.kz платформасында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен, халықтың әлеуметтік осал топтары арасынан үміткерлерге конкурстық негізде 400 АЕК (1 380 000 теңге) дейінгі мөлшерде беріледі.
Гранттарды беру шарты: дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі 3 жылдан кем болуы және грант алуға өтініш бергенге дейін дара кәсіпкер ретінде тіркелу болып табылады.
Грантқа үміткерлер лек бойынша business.enbek.kz порталында өтінім береді, осы мәселе бойынша кеңесті қаланың/ауданның мансап орталықтарынан алуға болады.

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив