KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

ШҚО-да кәсіп бастау үшін 700-ден астам тұрғын грант алған

26.01.2023, 10:21 484 Ләззат Қанатқызы

2022 жылы 700-ден астам адам өз кәсібін ашу үшін жалпы соммасы 828 миллион теңге грант алған.

Өңірде 2017 жылдан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бағдарламасы жұмыс істейді. Оның аясында азаматтар кәсіп бастау үшін 400 АЕК немесе 1 миллион 380 мың теңге көлемінде өтеусіз грант ала алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Грантты алғаннан кейін әйел адамдар көбінесе сұлулық салонын ашу немесе т.б. қызмет көрсету салаларын таңдап жатады. Ал, ер адамдар соғылған бұйымдарды жасау бағытын таңдаса, ауылдық жерде тұратындар мал шаруышылығымен айналысады. Негізінен тауар өндіру мен қызмет көрсету саласына басымдық жоғары, - дейді ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов.

Айта кету керек, қайтарымсыз грант алу үшін азаматтардың бірнеше санаты, атап айтқанда, көп балалы отбасылар, АӘК алушылар, қандастар, жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударғандар, мүгедектігі бар адамдар не мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ асыраушысынан айырылып, жәрдемақы алатын азаматтар үміткер бола алады.

Грант алу үшін үміткерге дайын бизнес-жоспар жасалуы керек, ал өтінімді шамамен наурыз айында беруге болады. Азаматтар толық ақпаратты қалалық және аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар орталықтарынан ала алады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив