KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 1 м/с, С
474.26 514.48 5.43

Отандық археологтар көне қобыз тауып алды

4.09.2013, 18:00 197


Отандық археологтар ықылым заманда қолданылған көне қобызды тауып алды. Бұл туралы Назарбаев орталығы мемлекеттілік, қауіпсіздік мәселелері және даму институтының басшысы, тарихшы Ерлан Сайлаубай ақпарат құралдарының өкілдеріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Тарихты зерделеу жұмыстары «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Елдің жетекші жоғары оқу орындарының тарихшылары, ғылым қайраткерлері, шығыстанушылар қажетті материалдарды әлемнің 20-ға тарта елінен іздестіріп жатыр, – дейді тарихшы.

1995 жылдан бастап еліміздің барлық аумағында археологиялық қазба жұмыстары белсенді жүр-гізілуде. Былтыр зерттеушілер ежелгі қобыз аспабын тауып алды. Биыл да соған ұқсас олжа табылған.

Археолог мамандар зираттың тоналмағанына таңғалуда. Бүгінде аталған музыкалық аспап ара-тұра болмаса, қолға түсе бермейтін әлемдік археология үшін сенсациялық жаңалық ретінде қабылданып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив