Алматыда жер сілкінісі болды
Фото: news.ru
Алматыда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматылықтардың смартфондарындағы ескерту қызметі жер сілкінісінің болжамды магнитудасы 6,2 құрады деп хабарлаған.
Алматылықтардың хабарлауынша, адамдар үйлерінен далаға жүгіріп шыққан, қаладан шыққан кезде кептелістер болған.
"ННЦСН и И" ЖШС және ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісінің ақпараты бойынша, 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісі тіркелген.
Сезілуі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматыда 4 балл, - делінген хабарламада.
Кейінірек түсініктеме жарияланды.
"ҚР ТЖМ және " ННЦСН и И " ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 минут 02 секундта жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 15.1.
MPV магнитудасы 6.7. Эпицентрдің координаттары 41.22° С. Е. 78.65° ш. б.
Тереңдігі 65 км. Сезілуі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл, Шымкент - 2 балл"
Алматылықтар біріншісінен 49 минут өткен соң жаңа жер асты дүмпулерін сезінді. Бірақ ол әлсіз болды.
Алматы ТЖД ақпараты бойынша, құрбандар мен зардап шеккендер, сондай-ақ қиратулар туралы хабарламалар түскен жоқ.
ТЖД алматылықтарды тыныштық сақтауға және ерекше өкімге дейін көшеге шығуға шақырды.
Айна Ескенқызы