Зайсанда жер сілкінісі болды
ШҚО-да магнитудасы 3,1-ге тең жер сілкінісі болды.
Жер асты дүмпулері 10 наурыз күні сағат 03:54-те тіркелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жер сілкінісінің эпицентрі Өскеменнен оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым, Зайсан көлінің оңтүстік - батыс жағалауынан шамамен 1,5-2 шақырым жерде болған.
- Жер сілкінісінің эпицентріндегі қарқындылығы MSK - 64 шкаласы бойынша 3,5 баллды құрады, - дейді сейсмологтар.
Оқи отырыңыз