Ел Үкіметі отставкаға кетті
Фото: kazgazeta.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің отставкасын қабылдады. Премьер-министр міндеттерін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді, деп хабарлайды Altainews.kz. тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаулы мәтіні төмендегідей:
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы 2024 жылғы 05 ақпан
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес қаулы етемін:
1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
2.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.
3.Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
4.Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салсақ, 7 ақпан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.
Айжанат Бақытқызы