KZ
Өскемен
-17°
плотный туман жел 2 м/с, СБ
510.18 601.91 6.51

Жаңа Премьер-Министр қалай тағайындалады?

Фото: uaqyt.kz

6.02.2024, 09:00 1 049 Оразай Жеңісұлы

Конституцияға сәйкес Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Amanat" партиясы ұсынған кандидатураны қарайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Президент кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. 

«Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мақұлдаған жағдайда, келісім алу үшін оны Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келісім берсе, Президент жаңа Премьер-Министрді тағайындайды. Содан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамын жасақтау процесі басталады», - деп жазды Берік Уәли.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу