«Ертіс орманы» резерваты Антикор күдігіне ілінді
Фото: orda.kz
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Ертіс орманы» мемлекеттік орман резерваты басшысының қамауға алынғанын мәлімдеді. Белгілі болғандай, табиғи резерваттың басшысы 10 күннен бері қамауда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Informburo.kz сілтеме жасап.
«Ол кәсіпкерлердің орманды заңсыз кескені және сатқаны үшін пара алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырғанын анықтады. 26 қаңтарда соттың санкциясымен екі айға қамауға алынды», - делінген Антикордың хабарламасында.
Мемлекеттік орган орманшылықтың бес бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қатар тергеліп жатқанын айтты. Олар 2021 жылдан бастап «өздерінің карталық шоттарына, сондай-ақ мекеменің қазіргі және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жоғары жалақыны есептеу және аудару» арқылы 25 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінген.
«Келтірілген материалдық залал ішінара өтелді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Айжанат Бақытқызы