KZ
Өскемен
-14°
небольшая облачность жел 1,1 м/с, ОШ
498.55 524.28 4.75

Өскемен әкімшілік полициясының басшысы пара алғаны үшін қамауға алынды

Фото: Zakon.kz

15.01.2024, 10:50 112

10 қаңтарда өткен брифингте Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов Өскемен полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлады.


ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚК департаментімен бірлесіп Өскемен полиция басқармасында қылмыстық схемаларды анықтады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

– Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша Өскемен қаласы полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімі лауазымды адамдарының және басқа да адамдардың сыбайлас жемқорлық әрекеттері әшкереленді. Олар мамандандырылған тұрақтардан автокөлік құралдарын беру кезінде жүйелі түрде пара алды деп күдік бар, – деді Арман Тілеукенов.

Антикордың мәліметінше, Өскемен қаласының әкімшілік полиция бөлімінің бастығы соттың санкциясымен қамауға алынды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталу сатысында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу