KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 6 м/с, С
441.66 475.14 4.86

Үлкен Нарында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды

Фото: gadgetonus.com

8.02.2024, 11:26 92 Ләззат Қанатқызы

Үлкен Нарын ауылында Достық үйінің жанынан «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылды. Онда егде жастағы адамдардың денсаулығын нығайту үшін түрлі тегін қызметтер көрсетілмек.  

Зейнет жасындағы адамдар бос уақыттарын өткізіп, спортпен, шығармашылықпен айналысады, мәдени іс-шаралар өткізе алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Слямов көшесі, 153 мекенжайында орналасқан дене шынықтыру - сауықтыру кешенінде сәрсенбі, жұма күндері сағат 10.00-11.00 дейін футбол, волейбол және үстел теннисін ойнап, тренажер залына бара алады.

Тумашинов көшесі, 4 мекенжайында орналасқан Аудандық мәдениет үйінің  2-қабатында сенбі күндері сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін шахмат, дойбы өтеді.

Тумашинов көшесі, 4 мекенжайындағы музыка мектебінің ғимаратында сейсенбі күндері сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін домбыра үйірмесі болады.

Тумашинов көшесі, 4 мекенжайындағы Достық үйінде дүйсенбі күндері 10.00-ден 12.00-ге дейін "Алтын қолдар" үйірмесі болады.

Жексенбі күндері сағат 14.00 - ден 16.00-ге дейін скандинавиялық серуендеу өтеді.

Қосымша сұрақтары бойынша +7 775 399 2148 нөміріне хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив