KZ
Өскемен
-16°
плотный туман Штиль
503.17 600.89 6.63

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

pixabay.com

10.02.2024, 18:00 471 Назерке Каримова

Ертең өңірде қатты жел, жауын-шашын күтіледі.

«Қазгидрометтің» ақпараты бойынша, 11 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с.

Өскемен қаласында да түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Жол жағдайын "Дармен" тегін мобильді қосымшасы арқылы анықтауға болады. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі туралы 26-28-08, облыстық жолдар туралы ақпаратты 57-42-52 телефондары арқылы нақтылауға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу