KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да 25 қарашада дауылды ескерту жарияланды

gov.kz

24.11.2023, 17:13 155

Синоптиктер ертең ШҚО аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады, қар жауады деп болжап отыр. 

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 25 қарашада түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, тұман мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Өскемен қ. оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, - дейді синоптиктер.

ТЖ мамандары тұрғындардан дауылды ескертулерге немқұрайлы қарамай, мүмкіндігінше ұзақ сапарларға шықпау керектігін ескертеді.

- Егер қаладан, елдімекендерден алысқа шығу керек болса көлікті қысқа дайындап, дөңгелектерін ауыстыруды, өзіңізбен бірге жылы киім мен күрек, арқан алуды ұмытпаңыз. Жүргізушілер жылдамдық режимін, сақтық шараларын қатаң сақтауы керек. Жолға шығар алдында жол жағдайын нақтылаңыз – мұны «Дәрмен» тегін ұялы қосымшасын жүктеңіз. Республикалық маңызы бар жолдардың жай – күйін 26-28-08, облыстық - 57-42-52 телефондары арқылы анықтауға болады, - дейді ТЖ қызметі.

Желден үйлердің қабырғаларына жақын жерде жасырынбаңыз. Қоғамдық көлік аялдамаларының, жарнама тақталарының артында, ағаштардың астында, электр беру желілерінің жанында тұрмаңыз.

Төтенше жағдай кезінде  «112» телефоны бойынша хабарлаңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу