Шығыста ит-құс көбейді: Аңшылар авиацияны іске қоспақ
Фото: norilsk.bezformata.com
Орман және аңшылық шаруашылығының жедел ден қою жасағының ақпараты сүйенсек, Шығыс Қазақстан аумағында ит-құс саны бірнеше есе көбейген.
Соңғы уақытта қасқырлардың ауыл маңын торып жүргені жиі айтыла бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қасқырлардың елді мекендерге тым жақындауы Ұлан ауданына қарасты Алғабас, Тарғын, Ізғұтты Айттықов ауылдарының маңында жиі байқалады екен.
- Жыртқыштардың ауыл маңына жақындауы олардың саны бірнеше есе өскендіктен болады. Ауыл тұрғындарының шағымын ескере отырып, қасқырлардың санын реттеу үшін авиациялық техниканың көмегімен қасқырларды ату мәселесін қарастыру керек. Себебі, жыртқыштардың шоғыры көп жерлерде қарда жүретін көліктердің өзі де жүре алмай қалып жатады, - дейді "Орман және аңшылық шаруашылығының жедел ден қою жасағы" ММ баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз