KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Энергетика министрлігі дизель отынының бірыңғай бағасын енгізе ме?

сурет: bugin.kz

15.02.2024, 11:41 111

Ел тұрғындары мен мен шетелдіктер үшін дизель отынының бірыңғай бағасын белгілеу жоспарлануда.

Энергетика министрлігі «Бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық жанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрыққа тиісті түзетулер жобасын дайындады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жобаға сәйкес дизель отыны (жазғы, маусымаралық) қазақстандықтар үшін де, шетел азаматтары үшін де литріне 295 теңге тұрады.

Жобаны әзірлеушілер бүгінгі күні еліміздің мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай базаларында дизель отынын сату фактілері бар деп мәлімдейді.

Жоба 2024 жылғы 28 ақпанға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив