KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Елімізде бензин мен дизельдің бағасы өсті

12.04.2023, 15:32 212 Ләззат Қанатқызы

Елімізде жанар-жағармай тапшылығын болдырмау үшін мемлекет реттейтін мұнай өнімдерінің шекті бағасы көтерілді.

Бүгіннен бастап Қазақстанның энергетика министрінің "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" бұйрығындағы түзетулер қолданысқа енгізілуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бірінші бұйрықтың тақырыбы өзгертіліп, онда бұл шектеулер стационарлық автожанармай құю станцияларына қатысты екені көрсетілген.

  "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгіленсін:

Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;

Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 205 теңге;

дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 450 теңге", делінген Энергетика министрлігінің ресми сайтында.

   Естеріңізге сала кетейік, ШҚО-да бұған дейін Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин 182 теңге болатын, алдағы уақытта баға 205 теңгеге дейін өспек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив