KZ
Өскемен
-38°
туман жел 1 м/с, СШ
512.16 594.72 6.57

Алтай ауданында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті

15.02.2024, 15:36 267 Оразай Жеңісұлы

Алтай ауданында коммуналдық қызмет өкілдері күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, тәулік бойы жұмыс істеуде.

Мәселен мамандар қазір уақытта Бұқтырма өзені арқылы Путинцево ауылына апаратын көпірдің қарын күреп, мұзын тазалап жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Көпірдің ұзындығы бір шақырымға жуықтайды. Қар күреу жұмыстарына  30 адам тартылып, 41 техника қозғалды. Көктайғаққа қарсы іс-шаралар да ұйымдастырылған.

Аудан әкімдігінің өкілдері жұмыс мардымды болу тәулік бойы кезекшілік жасап, бақылау жүргізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу