KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Марқакөлде сарышұнақ аязға қарамастан жол тазарту жұмыстары жалғасуда

17.02.2024, 22:00 187 Назерке Каримова

Ақбұлақ, Қалжыр, Боран ауылдарында күн әлі борап тұр. Оның үстіне қатты аяз басталды.

Жергілікті атқарушы билік жолды тазарту жұмыстарын жіті бақылауда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Марқакөл ауданында да қалың жауған қарды тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

- Өткен екі тәулікте 80 см дейін қар жауып қалды, – дейді Марқакөл аудандық мәслихатының төрағасы Мамырбек Қалелов. – Оған дейін де қар қалың жатқан. Қазір ауылда - 30 градус аяз. Бірақ соған қарамастан, қар тазарту жұмыстары жалғасуда.


Қатты жел, боран соғып тұрғандықтан жолдарды техника тазартып өтсе, артынша қайта қар алып қалуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу