KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1 м/с, В
480.55 533.75 5.36

ШҚО ауылдарына қар тазартуға әскерилер көмекке келді

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан
10.02.2024, 23:00 168 Назерке Каримова

Қарлы боран салдарынан Шығыс Қазақстан облысының көптеген елді мекендері негізгі жолдардан ажырап қалды.

Қарулы күштердің №02352, 10810 және 32388 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері ауыл тұрғындарына көмекке келді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Жолдарды тазарту үшін "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы жеке құрам мен бульдозер – артиллериялық тартқыш және жоғары өтімді Камаз секілді арнайы техника бөлді.

Қазіргі уақытта Күршім ауданының Марқакөл, Теректі, Ақжайлау және Балықтыбұлақ ауылдарында облыстық маңызы бар жолдарға шығатын жолдар ашылды.

– Ауылдастарымның атынан әскери қызметшілерге зор алғыс айтамын. Қиын сәтте олар бізге көмек қолын созып, жолды қалың қардан тазартты. Отан қорғаушылардың қиын қызметтеріне сәттілік тілеймін, – дейді Ақжайлау ауылының тұрғыны Кенжехан Жайнамысов.


Айта кету керек, жолдарды тазарту бойынша іс-шараларға жеті әскери қызметші мен төрт арнайы техника жұмылдырылған. Жұмыс жалғасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив