Күршім ауданының екі ауылында жол жөнделуде
Күршім ауданының Боран және Марқакөл ауылдарында көше жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімі Дулат Қажанов мәлімдеді.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Боран ауылы кіреберісінің 3,8 шақырымына асфальт жол төселінуі жоспарланған. Бүгінде жолдың 1 шақырымына асфальт төселіп біткен. Тамыз айының соңына дейін жұмыс толықтай аяқталады деп жоспарланған.
Ал Марқакөл ауылында «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша Дәуленов көшесінің 1,3 шақырымына асфальт төселді. Сондай-ақ, Марқакөл ауылында шекаралық аудандарын дамытудың кешенді жоспары бойынша абаттандыру жұмыстары жалғасуда.