Самар ауданында жасөспірімдер арасында еркін күрестен жарыс өтті
instagram/samar_news16
Жарысқа облыстың әр өңірінен және Абай облысынан қатысушылар келді.
Жарысқа 9 команда қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жарыс Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орайластырылды. Оған 2008-2010 және 2011 жылы туған жасөспірімдер қатысты.
Самар аудан болып құрылғалы бері облыстық деңгейдегі түрлі спорттық жарыстар жиі өтіп жатыр. Бұл спортты жанына серік еткен жасөспірімдерге үлкен серпіліс пен тәжірибе болатыны анық.
Бұл жарысты Самар ауданының балалар және жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырып отыр.
Оқи отырыңыз