Самар ауданында жас балуандар белдесті
Самар ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен 2011-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында аудан әкімінің жүлдесіне арналған облыстық турнир өтті.
Спортты жанына серік еткен жас балуандар боз кілемде белдесті. Бір-бірімен күш сынасқан дода ерекше тартысты өтті. Бірыңғай кілең мықтылар жиналған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Көрермендер арасында еркін күресті дамытуға атсалысып жүрген спорт ардагерлері де болды. Олар жас балуандарға сәттілік тіледі.
Жарыстың тартысты өткені соншалық, көрермен боз кілемді айнала қоршап алған. Барынша жанкүйерлік етіп, қолдау көрсетуде. Ал жас балуандар ширақы қимылдап, әдіс-тәсілімен қарсыласынан басым түсуге тырысуда.
Айта кетейік, облыстық турнирге Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарынан 12 команда қатысты. Атап айтар болсақ, Абай облысына қарасты Көкпекті, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Алтай, Самар, Шемонаиха аудандары, Өскемен мен Риддер қалалары.
Жарыс соңында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар беріліп, қаржылай жүлде үлестірілді.
Команда бойынша 1-орын кубогы, 50 мың теңге сертификатына – Зайсан қаласы, 2-орын кубогы, 30 мың теңге сертификатына – Самар ауданы, 3-орын кубогы, 20 мың теңге сертификатына Риддер қаласы ие болды.