Ауған соғысының ардагерлері бокс турнирін өткізді - ШҚО
Облыс орталығындағы жекпе-жек сарайында жасөспірімдер арасында бокстан ашық турнир өтті.
Спорт додасы Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына және «Қара майор» Борис Керімбаевтің құрметіне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сайыста 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдер 42-ден 80 келіге дейінгі салмақта бақ сынасты. Жалпы турнирдің мақсаты спортшылардың шеберлігін шыңдау, жасөспірімдер арасында боксты, салауатты өмір салтын насихаттау және оларды әскери-патриоттыққа тәрбиелеу болды.