Уақыт белдеуі өзгергенде мектептерде сабақ уақыты ауыса ма?
сурет: freepik.com
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан өңірлерінде бірыңғай сағат белдеуіне көшу фонында мектепте сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Министр уақыттың өзгеруін сарапшылар қауымдастығы мен ғалымдар қабылдағандықтан, қисынды деп санайды.
«Оқу уақытына келетін болсақ, бұл жерде, әрине, қажет болған жағдайда сабақтың басталу уақытын қайта қарауға әкімдіктерге мүмкіндік береміз, ешқандай кедергі жоқ. Мысалы, 8:00-де сабақ басталатын мектептер сағат 8:30-да бастай алады және т.б. Мұнда әрбір ұйым мен әкімдікте дербес шешім қабылдауға болады», - деді министр Үкімет брифингінде.
Еске салайық, 1 наурыздан бастап Қазақстан біртұтас уақыт белдеуіне ауысады.
Оқи отырыңыз
Qazaq Air әуекомпаниясы уақыт ауысуына байланысты рейстер кестесінің өзгергені туралы хабарладыБірыңғай уақыт белдеуіне көшудің әлемдік тәжірибеде тиімділігі дәлелденгенМектепте смартфон ұстау: министр шектеу туралы түсіндірдіСоңғы қоңырау уақыты тағы өзгере ме?Елімізде біртұтас уақыт белдеуі құрылады