KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, В
479.08 533.5 5.26

ШҚО-ның тарихи тұлғалары мен батырлары туралы кітап шықты

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханадан
А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханадан
24.02.2024, 17:00 203 Назерке Каримова

Тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Қайрат Айтқожин «Қас жауына қарсы шапқан баһадүр» кітабын жазды.

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кітап таныстырылымына автордың жерлестері, әріптестері, мемлекеттік қызметкерлер, кітапханашылар қатысты.

Өлкеміздегі  тарихи тұлғалар мен батырлар туралы қалам тербеп жүрген авторлардың бірі, өлкетанушы, «Білім беру ісінің үздік педагогы» Қайрат Айткожиннің бұл жетінші кітабы. Қайрат Батханұлы «Қабанбайтану» атты оқу құралын жасап, мектептерде оқытуға бастама көтерген ұстаз.

Автордың «Қас жауына қарсы шапқан баһадүр» жинағына ерліктің арқауы, батырлықтың бастауы болған дарабоз батыр Қаракерей Қабанбай, Дәулетбай, би Боранбай, Шүрек батыр, Майлы батыр т.б. бабаларымыздың ел қорғап, ерлік көрсеткен өмір жолы мен шайқастары арқау болған.

Кітапхана қызметкерлері өлке тарихы, тарихи тұлғаларға арналған жаңа кітаппен танысуға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив