ШҚО-да өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионат өз мәресіне жетті
Жеңімпаздарды марапаттауға төтенше жағдайлар министрі Чингис Аринов келді.
Кеше Өскеменде ХХХІІ ерлер, Х әйелдер, ІХ жасөспірім ұлдар арасында Қазақстан Республикасының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионаттардың жабылу салтанаты болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
28 ақпан мен 01 наурыз аралығында еліміздің әр өңірінен келген төрт жүзден астам өрт сөндіруші-құтқарушы біріншілік үшін күресті.
Шығыс Қазақстанның жас құтқарушылары төтенше жағдайлар министріне азаматтарға көмектесу үшін өз өмірлерін қатерге тігіп жүрген өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді.
Қорытынды бойынша жалпы командалық есепте келесі командалар чемпион атанды:
Ерлер арасында
1-орын - Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
2-орын - Астана қаласы ТЖД құрама командасы
3-орын - Маңғыстау облысы ТЖД құрама командасы
Әйелдер арасында:
1-орын - Түркістан облысы ТЖД құрама командасы
2-орын - Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
3-орын - Астана қаласы ТЖД құрама командасы
Жасөспірім ұлдар арасында:
1-орын - Ақмола облысы ТЖД құрама командасы
2-орын - Шымкент қаласы ТЖД құрама командасы
3-орын - Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
Жеке жарыста жүз метрлік жолақтан өтуде үздік нәтиже көрсеткендер Чемпионатта алғаш рет «Алтын бұранды» номинациясымен марапатталды.
«Алтын бұранды» номинациясының жеңімпаздары:
Ерлер арасында
15,79 сек нәтижесімен Текенов Бауыржан, Қарағанды облысы
Әйелдер арасында
16,86 сек нәтижесімен Тұрсын Айдана, Түркістан облысы
Үздік спортшылар 2024 жылғы 15-17 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» кубогына қатысу үшін іріктеледі.
Чемпионаттың жабылу салтанатында ел күтпеген тосынсый орын алды. Жамбыл облысының спортшысы Вячеслав Сәрсенбаев әріптестерінің алдында Алматы қаласы командасының мүшесі Аяулым Қуанышбекке үйлену туралы ұсыныс білдірді.