KZ
Өскемен
+19°
сильный дождь жел 6 м/с, В
472.57 508.34 5.4

ШҚО-да өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ел чемпионаты басталды

28.02.2024, 12:57 103 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында  өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионат басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен  төрт жүзден астам спортшы жиналып отыр. Ерлер арасындағы ХХХІІ, әйелдер арасындағы Х, жасөспірім арасындағы ІХ чемпионат қатар өтетінін естеріңге саламыз.

Ел чемпионатының ашылу рәсімінде ШҚО ТЖ департаментінің басшылығы, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ Атқарушы директоры Дәурен Данаев және спорт ардагерлері сөз алып, қатысушыларды құттықтады.

Жарыстың алғашқы күнінде спортшылар оқу мұнарасының 2,3 және 4-ші қабатына шабуыл сатысымен көтерілуден сынға түседі.  Бұл өрт сөндіру-құтқару спортының ең қызықты түрлерінің бірі.

Ал ертең кедергілері бар жүз метрлік жолақта жарыс өтеді. Бұл сайыста үздік нәтиже көрсеткендерге тұңғыш рет «Алтын бұранды» табысталады.

Қырғыз елінен Әлішер Қонокбайұлу есімді спортшының келіп жарысқа қатысуы чемпионат жаңалығы десе де болды. Спортшы мұндай додада өз күшін сынап көру үшін арнайы келген екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив