KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР қысқы чемпионаты өтеді

Фото: uralskweek.kz

26.02.2024, 11:50 54 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да ҚР ТЖМ "Өскемен-2024" өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында ХХХІІ, әйелдер арасында Х, жасөспірімдер арасында ІХ қысқы чемпионат өтеді.

Ел чемпионаты 28 ақпан мен 1 наурыз аралығында Өскемен қаласында өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Чемпионатқа республиканың түкпір-түкпірінен 22 команда қатысады деп жоспарланып отыр. Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер командасы айтқанда 4-қабаттың терезесіне шабуыл сатысы бойынша көтерілу және 100 метрлік кедергілері бар жолақты жүгіріп өту бойынша сынға түседі.

Өрт сөндіру-құтқару спорты – жеке, топтық сынақта өрт сөндіру практикасында қолданатын әртүрлі тәсілдер кешенін орындау болып табылатын спорттың қызметтік-қолданбалы түрі.

Қысқы чемпионат ШҚО ТЖД спорт манежінде өтеді. Онда спортшылардың жақсы нәтиже көрсетуі және жоғары деңгейде жарысуы үшін барлық жағдай жасалған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив