KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
464.72 496.32 5.4

Күршім ауданының 17 тұрғынына гранттық қаржы беріледі

көрнекілік сурет: ortcom.kz

4.03.2024, 17:37 81 ALTAINEWS

Күршім ауданында мамандығы жоқ жұмыссыздар қысқа мерзімді оқыту курстары арқылы оқытылып, оқуын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына орналастырылып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биыл қысқа мерзімді курс арқылы 24 адамды оқыту жоспарлануда. Оқуды мамыр айында бастау жоспарланып отыр. 6 адам мобильді оқыту орталығы арқылы, 18 адам жұмыс берушілердің тапсырысы негізінде оқытылады.

Жеке ісін ашып, кәсіпкер болғысы келетін адамдарға қайтарымсыз грант және микрокредит беріледі. Қайтарымсыз грант әлеуметтік осал топтар  қатарындағы адамдарға беріледі.

- Биыл аудан бойынша 17 адамға  берілетін гранттық қаржыны мамыр және шілде айларында  бөлу жоспарланып отыр. 2024 жылы 2,5% жеңілдікпен бес жасқа микрокредит беру жоспарлануда, - дейді Күршім ауданы мансап орталығының директоры Әсет Зейнелғабиденоа.

2024 жылы Күршім ауданы бойынша 396 адамды бос жұмыс орындарына орналастыру жоспарланған болса, бүгінгі күнге 44 адам бос жұмыс орындарына тұрақты жұмысқа орналастырылып отыр.

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив