KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Мемлекет басшысы қыз-келіншектерді құттықтады

akorda.kz

8.03.2024, 11:00 101 Назерке Каримова

Көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – әлемге және айналаңыздағы жандарға сіздер сыйлайтын мейірімділік пен ізгіліктің, сұлулық пен қамқорлықтың символы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

- Сұлулық пен үйлесімді айшықтайтын шуақты көктем мерекесінде біз барша асыл жандарға ерекше құрмет көрсетіп, ықылас-ілтипат білдіреміз, - деп атап өтті Президент. - Сіздер түрлі салада жемісті еңбек етіп, елімізді өркендетуге белсенді атсалысып келесіздер. Кез келген шаруаға жауапкершілікпен қарап, әрбір істің берекесін арттыруға ұйытқы болып жүрсіздер.


Мемлекет басшысы бүкіл саналы ғұмырын баласының болашағына арнап, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру мәртебелі миссиясын кәсіби қызметімен және қоғамға пайдалы жұмыстармен бірге атқарып жүрген арулардың да аз еместігін атап өтті.

- Әйелдерге жан-жақты жағдай жасау, олардың құқығын қорғау және отбасы институтын нығайту – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы. Еліміздің қыз-келіншектері жасампаздық қасиетімен қоғамның құндылықтар жүйесін жаңартуға және Әділетті Қазақстанды құруға өлшеусіз үлес қоса береді деп сенемін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. - Көктем мерекесі көңілдеріңізге шаттық сыйласын! Баршаңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін!


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив