ШҚО-да дәрігер есірткі препаратын қайтыс болған адамға «жазып берген»
көрнекілік сурет: lado.mx
Риддер қаласында онколог-дәрігер есірткі препаратын қайтыс болған адамның атына жазып, рұқсат қағазды психоактивті зат қолданатын басқа адамға берген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Трамадол» – ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 20 наурыздағы №240 қаулысымен бақылауға жататын психотроптық заттардың тізіміне енгізілген. Бұл препарат онкологиясы бар науқасқа дәрігердің рецепті бойынша ғана беріледі.
«Қалалық аурухананың онколог-дәрігері талапты бұзып, есірткі препаратын онкология ауруынан қайтыс болған адамға тағайындап, рецепт бойынша дәрі алуға рұқсат қағазды психоактивті заттарды қолданатын басқа адамға берген. Риддер қаласының прокуроры есірткі заттарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ҚК 303-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады», - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы.
Оқи отырыңыз