KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Абайлық оқушылар робототехникадан халықаралық чемпионатта жеңімпаз атанды

Абай облысы әкімдігі

24.03.2024, 18:00 139 Назерке Каримова

Абай облысының құрама командасы робототехникадан халықаралық чемпионатта Бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

14-16 наурыз аралығында Сингапур елінде «Singapore FIRST Championship 2024» халықаралық чемпионаты өтті. Малайзия, Польша, Корея, Индонезия, Қытай, АҚШ елдерінен 20 команда, жалпы 80 команда қатысты. Жарысқа Қазақстаннан 3 команда аттанды.

Осы командалар арасынан Абай облысының «Ro-Alemi» құрама командасы чемпион болып оралды.

- Роботтар ойнында жоғары балл шегі 550 болса, «Ro-Alemi» құрама командасы рекордтық көрсеткіш көрсетіп, 540 ұпай жинады. «Robot Design» бағытында чемпион атанса, жалпы 4 бағыт қорытындысы бойынша алты елден топ жарды, - деп хабарлады Абай облысының әкімдігі. - Сондай-ақ, «Ro Alemi» командасы инновациялық жобаларын көрсету кезінде шетелдік төрешілерге ұлттық ойындар көрсетті. Атап айтқанда, асық ататын робот дайындап, ұлттық ойынымызды жаңа қырынан ашты. «Қазақ Барысы» және «Жамбы Ату» ойындарының бета нұсқасын көрсетіп, үздік инновациялық жобалар қатарына кірді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив