KZ
Өскемен
-12°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
524.02 545.19 5.09

Өскеменде арнайы жасақ қоян-қолтық ұрыстан сынға түсті

29.03.2024, 11:35 147 Оразай Жеңісұлы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарайтын әскери бөлімдер арасында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті. Жарысқа Павлодар, Семей және Өскеменнің алпысқа жуық  жауынгері қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі

Әскери қызметкерлер күш сынасып ғана қоймай өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерін жетілдірді.

– Мұндай жарыстар рухты оятады. Темірдей тәртіпке тәрбиелейді. Оған қоса қоян-қолтық ұрыс дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді, – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Арман Жұмағалиев.

Сайысқа қатысушылардың бірі – Манарбек Әсембай. Ол өткен жылы 67 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жеңімпаз атанған. Биыл былтырғы атағын қорғауға ниетті.

– Мен былтыр біршама жетістікке жеттім. Өңірлік қолбасшылықта жеңімпаз атанғаннан кейін Ұлттық ұлан  чемпионатында үздік атандым. Биыл да  былтырғы  жеткен жетістігімді  қайталағым келеді. Бұл  жолы қарсыластарым да осал емес. Дегенмен жеңіске жету үшін барымды саламын, – дейді 5518 әскери бөлімінің қызметкері, сержант Манарбек Әсембай.

Жарыс қорытындысы бойынша жеті салмақ дәрежесі бойынша топ жарғандар арнайы медальмен және дипломмен марапатталды. 1 орынды Семей қаласынан келген 5511 әскери бөлім жауынгерлері иеленді. 2 орынға Өскемендегі 5518 бөлімі, 3 орынға Павлодардың 5512 әскери бөлімі ие болды.

Енді үздік спортшылардан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрамасы жасақталып, сәуір айында Алматы қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына жіберіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу