KZ
Өскемен
+29°
переменная облачность жел 4 м/с, Ю
440.9 475.95 4.82

Су басу қаупінің алдын алып жатыр – Күршім

29.03.2024, 17:32 96 Оразай Жеңісұлы

Күршім ауданында су басу қаупінің алдын алуға бағытталған шаралар жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қалғұты ауылдық округіне қарайтын Қаратоғай ауылында су ағатын негізгі каналдар елді мекеннің ішімен өтеді. Күн күрт жылынып, оған қоса жаңбыр жауғандықтан таудағы қар жылдам еруде, қарғын су қазір ауыл ішімен ағып өтіп жатыр.

Тұрғын үйлерді су баспас үшін атқарушы орган өкілдері арықтарды қардан тазартып, кеңейтіп жатыр. Бұл жұмысқа Қалғұты ауылдық округінен екі арнайы техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар ауыл тұрғындары қауіпті деген аймақтарға құм толтырылған қаптарды төсеп, бөгет жасап жатыр. Қазіргі жағдай аудан әкімінің тікелей бақылауында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив