Қарғын судан келер қауіптің алдын алып жатыр – Күршім
Күршім ауданына қарасты Қаратоғай ауылында ауа райының күрт жылынып, жаңбыр жаууына байланысты таудағы қар еріп, тұрғын үйлерді су басу қаупі төнді.
Қазір ауыл маңындағы қауіпті аймақтар көмкеріліп, қосымша құм толтырылған қаптармен бекітіліп жатыр. Бұл жұмысты атқаруға жергілікті мекемелер және мектеп ұжымынан 40 адам, №68303 әскери бөлімінен 25 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Тұрғын үйлерді су басу қаупін сейілту үшін Қаратоғай ауылының арықтарын қардан тазалап, кеңейтуге Қалғұты ауылдық округінен екі арнайы техника, бір МТЗ 82 тракторы, «Күршім» коммуналдық шаруашылығының екі арнайы техникасы мен бір экскаваторы жіберілген. Қазір ауылда аудан әкімінің орынбасары және төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім басшысы, сондай-ақ басқа да жауапты сала өкілдері жұмыс істеп жатыр, - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.
Жағдай жергілікті атқарушы биліктің және төтенше жағдайлар қызметінің толық бақылауында.
Оқи отырыңыз