KZ
Өскемен
туман жел 3 м/с, ОБ
495.2 522.34 4.94

Сарбаздар көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына қатысты - ШҚО

18.03.2024, 15:11 160 Қызырбек Дүргінбайұлы

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында облыстың түкпір-түкпірінде су арналары мен арықтарды тазалау жұмыстары жүргзіліп жатыр.

Жауапты мамандарға тапсырмалар беріліп, су басу қаупі бар аймақтар жіті тексерілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұған дейін аудандар мен ауылдардағы су арналары тазаланып, иннертті материалдар дайындалғанын жазған болатынбыз. Күні кеше Күршім ауданына қарасты Маралды ауылында суағарларды тазалау жұмыстары жүргізілген екен. Ауыл маңындағы суағарларды тазалауға әскери бөлімнің сарбаздары қатысқан.

– Аудан әкімінің тапсырмасы негізінде Маралды ауылына қарасты су ағатын арықтарды қардан тазартып кеңейту жұмыстарына №68303 әскери бөлімінің 25 сарбазы жұмылдырылды, – деп хабарлады Күршім ауданы әкімдігі.
 


Суреттер аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу