KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Елімізде 2030 жылға дейін 20 су қоймасы салынады

фото: depositphotos.com

2.04.2024, 16:16 139 Ынтымақ Толқын

Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов алдағы бесжылдықтағы жоспар туралы айтты.

Оның мәліметінше, ел аумағында 2030 жылға дейін тасқыннан қорғайтын 20 су қоймасы салынбақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– 2030 жылға дейін 9 облыстың аумағында 20 жаңа су қоймасының құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. 20 су қоймасын іске қосу халқының саны 137 мың адам болатын 70 ауылдық елді мекенді су басу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді, – деді министр.

Оның айтуынша, қазір министрлікте 9 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

– 9 облыстың аумағындағы 15 су қоймасын қайта жарақтау жұмыстары басталады. Бұл 75 мың адам тұрып жатқан 64 елді мекеннің су басу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді, – деді Нұржан Нұржігітов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив