20 су қоймасы салынады – Үкімет
фото: egemen.kz
Қазақстанда жиырма су қоймасы салынады. Бұл туралы Үкіметте өткен Су кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Жиында су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру жайы талқыланып, 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы жасалды. Жоспар бойынша алдағы жылы 9 өңірде 2,4 текше шақырымдық 20 су қоймасының құрылысы басталады. Сондай-ақ қолданыстағы 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізіледі.
Кешенді жоспар іске асатын болса, су ресурстары мен суармалы жер көлемін ұлғайтып, 41 елдімекенді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.