KZ
Өскемен
-18°
небольшой снег жел 3 м/с, СБ
518.14 537.57 5.27

Өскемендегі жаңа мектеп қолданысқа қашан беріледі?

8.04.2024, 10:53 232 Ынтымақ Толқын

«Park City» тұрғын үй кешенінде бой көтерген білім ордасы қыркүйектен бастап оқушыларға есігін айқара ашады. Мұндағы мердігер құрылыс жұмыстарын аяқтап, мектептің ішін тазалауға кіріскен. 
Облыс орталығындағы халық саны жылдан жылға артып келеді. Әсіресе, жаңадан салынған аудандар мен тұрғын үйлерге қоныстанғандардың қарасы басым. Мәселен, Базовая көшесінің бойындағы «Park Сity» тұрғын үй кешенінің өзінде бес мыңнан астам тұрғын бар. Сол отбасыларда 800-ден астам мектеп оқушылары қаланың өзге мектептерінде білім алуда. Осыған байланысты аталмыш ауданнан 600 орындық жаңа мектептің құрылысы басталған болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  
Қарқынды құрылыстың нәтижесінде білім ордасының қолданысқа берілетін күні де алыс емес.   

-    Мектеп 600 орынға арналған. Қазір ішкі және сыртқы ұсақ-түйек жұмыстары ғана қалды десек те болады. Сыныптарға қажетті барлық керек-жарақтар сатып алынды, Бірінші қыркүйекке дейін барлық жұмыстар толығымен аяқталады, - дейді құрылыстың бас инженері Владимир Титаренко.

Жаңа мектеп заман талабына сай болмақ. Жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сай барлық пәндік сыныптар мен лаборатория толыққанды жаңа технологиямен жабдықталады. 

-    Аудан тұрғындарымен сөйлестік. Әзірше мұнда қазақ тілді 800-ге жуық оқушы бар екен. Болашақта орыс сыныптарына бала толып жатса, онда оны да ашамыз. Мектеп мыңнан астам баланы қабылдауға қауқарлы әрі стандартқа сай жабдықталған. Мұнда келіп жұмыс істегісі келетін мұғалімдердің де қарасы басым. Тіпті бізге келіп түйіндемелерін өткізіп жатқандар да бар. Бірақ ұстаздарды конкурс арқылы жұмысқа алатын боламыз. Шамамен жаз айларында конкурс жариялауды жоспарлап отырмыз, - дейді Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Сәуле Бауыржанқызы.

Өскеменде «Жайлы мектеп» бағдарламасынмен тағы да үш мектеп салынып жатыр екен. Білім ордасының екеуі Есенберлин, Увалиев көшелерінде, ал енді бірі Бабкина мельница шағын ауданында бой көтермек. Олардың құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу