ШҚО-дағы тағы бір университет тасқыннан зардап шеккендерге көмек берді
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері – мыңнан астам адам бір күндік жалақысын су тасқынынан зардап шеккендерге жіберді. Осылайша, көмек қорына 3 млн теңге аударылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚТУ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бұдан бөлек, университет базасында су тасқынынан зардап шеккендерге жіберу үшін гигиеналық құралдар, азық-түлік және басқа да қажетті заттар жиналды.
Белсенді студенттер азық-түлік пен заттарды жинау орталығына көмектесуде. Нәтижесінде 500 келіден астам гуманитарлық көмек жиналды.
«Біздің университеттің еріктілер тобы, студенттері мен қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі мұқтаж жандарға көмек көрсетуге белсене қатысты. Біз бұл сынақты бірлесіп қана жеңе аламыз. Бірлік – біздің күшіміз!», - деді ШҚТУ-дің 3-курс студенті Ләйлә Төлеубекова.
Оқи отырыңыз