Шығыстағы оқытушының онлайн курсы Coursera катологына енді
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлназ Садықанова «Coursera» платформасына арналған «Эукариоттық жасушаның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуы немесе жасушаға саяхат» атты онлайн-курсын таныстырды.
Жауық арада профессор Coursera Kazakhstan командасымен бірлесіп курс материалдарын Coursera әлемдік платформасына жүктейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Гүлназ Садықанова «Coursera қазақ тілінде» жобасы аясында авторлық жұмысты орналастырған алғашқы қазақстандық ғалым атанбақ.
Айта кетейік, ШҚУ оқытушысы сапалы бейне курсты «EdSmart Premium» мультимедиялық студиясында дайындв. Бұл цифрлық зертхана бейне-аудио құрылғыларымен жабдықталған. Заманауи әдістер мен құралдар оқытушыларға әлемдік платформа сай білім беру контенті мен курстарын дайындауға мүмкіндік береді.