ҚР СІМ Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады
t.me/pressmfakz
Министрлік Иран мен Израиль арасындағы шиеленіске алаңдаушылық білдірді.
Тараптарды шиеленісті тек саяси-дипломатиялық жолмен шешуге шақырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барлық келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырады, – делінген хабарламада. – Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын тағы да атап өтеді.
Оқи отырыңыз