KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

Жиырма жедел жәрдем көлігі жүрмейді – ШҚО

фото: egemen.kz

19.04.2024, 16:11 172 Айна Ескенқызы

Облыстық сыбайлас  жемқорлықпен күрес қызметінің мамандары денсаулық сақтау жүйесінде көлік құралдарын бөлу және пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері бар екенін анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемендіктер қалалық жедел жәрдем қызметінің жұмысына үнемі шағымданады, ал сала басшылары болса көліктердің жетіспеушілігін алға тартады. Шындығында, қалалық жедел жәрдем автопаркі үш жыл бұрын ғана жаңартылды: лизингке  сатып алынған 75 жаңа автокөліктің 47-сі Өскеменге бөлінді.

– Бүгінгі таңда облыс орталығына бөлінген жедел жәрдем көліктерінің  жиырмадан астамы жұмыс істемейді. Олардың басым бөлігі жол-көлік оқиғаларынан зардап шексе, бұзылып тұрғандары да бар. Мәселе тағы да сол қаржыландырудың жоқтығынан. Айтпақшы, жол-көлік оқиғаларында көбінде қарсы тарап кінәлі болған. Станцияның лауазымды тұлғалары кінәлі тұлғалардың есебінен аталған автомобильдерді қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылдамаған. Аталған факті бойынша облыстың денсаулық сақтау басқармасына жедел медициналық жәрдем көліктерін қалпына келтіру және оларды тиімді бөлу мәселесі бойынша ұсыныстар берілді, – деп түсіндірді Денис Шакенов.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив