Қазақстанда TikTok-ты бұғаттау мәселесі қарастырылуда
фото: pexels
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Аида Балаева әлеуметтік желіде алаяқтық пен жалған ақпарат тарату фактілері өршіп келе жатқанын айтты.
«Әлеуметтік желілерді ашып қалсаңыз, әртүрлі мазмұндағы контент қаптап тұр, тізімі ұзын-сонар. Есірткі заттарының жарнамасы, порнографиялық материалдар, ересектер мен балалардың қорқытып-үркіту, яғни буллинг, экстремистік сипаттағы материалдар, діни сипаттағы материалдар дегендей. Мониторинг барысы көрсеткендей, бүгінде әлеуметтік желілерде заңсыз контент саны артып келеді. Әлемдік үрдіс, көптеген ел қазір кейбір әлеуметтік желілерді бұғаттауға және одан бас тартуға мәжбүр екенін көрсетіп отыр», - деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстанда бұл мәселе заңсыз контенттер деңгейі қаншалықты «басым және қандай көлемде болатындығы» негізінде қаралатын болады.
«Атап айтқанда, қазір TikTok-тың жұмысы қызу жүріп жатыр. Біз бұл мәселені зерттеп жатырмыз. Менің ойымша, мен министр ретінде айтып отырмын, бұл мәселені (бұғаттау – ред.) қарастыруымыз керек, өйткені біз бұған басымызбен кірудеміз, оның үстіне оны балалар да қарап отыр», – деді ол.