Төтенше жағдайға қатысты жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады
pixabay.com
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарға ескерту жасады.
Қазір елдегі төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік желіде арандатушы жалған ақпараттар да тарап жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан өте күрделі төтенше жағдай орын алуда. Бұл ретте әлеуметтік желілерде оқиға орнынан нақты ақпарат қана емес, арандатушылық сипаттағы жалған ақпараттар да тарап жатыр, - деп жазды Аида Балаева. - Кейбір азаматтар ақпараттың шынайылығын тексермей, таратып жібереді. Бұл онсыз да су тасқынының бел ортасында апатпен күресіп жатқан төтенше жағдайлар қызметінің жұмысын қиындата түседі. Бұл техникалық құралдардың тапшылығы жағдайында тиімді жұмысқа орасан зор зиян келтіреді. Сондықтан ақпарат тарату кезінде оның дұрыстығына көз жеткізуге шақырамыз.
Министр жалған ақпарат таратқан кінәлілер анықталып, жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Оқи отырыңыз
Коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқандар 7 жылға сотталадыКүршімнің жері туралы ресми ақпарат: Аудан әкімі не дейді? (ВИДЕО)"Сіздерден кешірім сұраймын" - Күршім туралы жалған ақпараттың авторы (ВИДЕО)Қазақстанда "коронавирус туралы" жалған ақпарат таралудаҚалалардың жабылатыны туралы ақпарат жалған болып шықты