ШҚО-да есірткі жарнамасын таратқан ерлі-зайыптылар ұсталды
Фото: polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысында есірткі жарнамасын таратқан ерлі-зайыптылар ұсталды.
Күдіктілер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Күдіктілердің айтуынша, олар жапсырған парақшалар тыйым салынған препараттар сататын интернет-дүкендер туралы ақпарат беретіндігін білмеген. «Жұмыс берушіден» тапсырма алған әйел брошюраларды қала бойынша желімдеу керек болған. Еңбек жағдайымен келіскен ол өзімен бірге баруға күйеуін шақырады.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын тұтынуға тартқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Ерлі-зайыптыға 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы ықтимал.