СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге 100 жаңа үй салына бастады
ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінен
Су тасқыны басталғалы Солтүстік Қазақстан облысында 3898 үйді, 6597 саяжай учаскесін су басқан.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, су басқан тұрғын үйлердің 40%-ға жуығы одан әрі тұруға жарамсыз болуы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Үйсіз қалғандар уақытша жатақханаға орналастырылған.
Бүгін вице-премьер Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысына барып, қалпына келтіру жұмыстарымен танысты, сонымен қатар жергілікті тұрғындармен кездесті.
Қазірдің өзінде 3383 отбасы 100 АЕК көлемінде бір реттік жәрдемақы алды.
Сондай-ақ KAZ Minerals, Kazakhmys Holding және Kaspi.kz компаниялары Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге 60 млрд теңгеге дейін қаражат бөлгені, сондай-ақ қаражаттың негізінен Солтүстік Қазақстан облысына бағытталатын.
Сондай-ақ облыс әкімдігіне екі апта ішінде тұрғын үйлерді бағалап, оларды қалпына келтіру жұмыстарын бастау тапсырылды.
Солнечное-2 ауылында 100 үйдің құрылысы басталып кетті. Оған 10 мердігерлік ұйым жұмылдырылды. Жоба облыс әкімдігі мен «Қазақстан халқына» қоры арасында қол қойылған меморандум аясында бастау алды. Баспананы жаздың ортасына дейін аяқтауға мүмкіндік беретін қажетті инженерлік инфрақұрылым мен коммуникациялар бар.