Су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлер салуға қанша ақша бөлінеді?
Фото: proprikol.ru|
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы Қанат Шарлапаев министрлер кабинетінде өткен брифингте су тасқынынан зардап шеккендердің үйлерін салуға қанша ақша бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты NUR.KZ порталына сілтеме жасап.
Қазір жергілікті жердегі әкімдіктер ақпарат жинап, зардап шеккен үйлердің есебін жүргізіп жатыр екен.
- Біз жергілікті бюджеттен, кейін республикалық бюджеттен қаражат бөлетін боламыз. Қазір бір үйдің құнына 22 млн теңге саламыз. Бұл - аумағы 80 шаршы метр үйдің немесе екі бөлмелі пәтердің құны. 1 шаршы метр үшін 281 мың теңге қарастырылған. Болашақта біз ақшаны бюджеттен осы бағаға сүйене отырып бөлеміз. Әзірге бізде үйлердің нақты саны жоқ, - деді министр.
Оқи отырыңыз